Неміс Henkel концерні Ресей Федерациясындағы бизнесті 600 миллион еуроға сатпақ

675

Химия өнеркәсібінің неміс алыбы Ресей Федерациясындағы бизнесті үш инвестициялық компанияның консорциумына сатады. Олардың ешқайсысы ЕО немесе АҚШ санкцияларына ілінбеген, деп атап өтті Henkel. 

Неміс Henkel концерні Ресей Федерациясындағы бизнесті 600 миллион еуроға сатпақ Фото: DW

Химия өнеркәсібінің неміс алыбы Henkel Ресейдегі бизнесін үш инвестициялық компанияның консорциумына сатады, мәміле сомасы 54 миллиард рубльді құрайды (600 миллион еуро). Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Ресейде Henkel бизнесін Augment Investments, Kismet Capital Group мен Elbrus services кәсіпорындары сатып алды.

"Барлық сатып алушылар батыс елдерінде қалыптасқан ұзақ мерзімді іскерлік байланыстарға ие және ЕО немесе АҚШ-тың ешқандай санкцияларына ұшырамаған", - деп атап өтті Германия компаниясы.

Ресейлік құзыретті органдар транзакцияны келісіп үлгерді, мәміленің әлі жабылған жоқ, делінген бұдан әрі баспасөз хабарламасында.

Көбіне Persil және Prill брендтерімен танымал Henkel концерні Ресей нарығынан 2022 жылдың сәуірінде - Украинадағы соғыс басталғаннан кейін көп ұзамай кететінін жариялады. Ресейде компания 30 жыл жұмыс істеді және 2022 жылға қарай 11 өндірістік алаңға ие болды. Оның Мәскеу, Ленинград, Саратов, Ульяновск, Челябі, Новосібір облыстарындағы зауыттарында, сондай-ақ Ставрополь мен Пермь аймақтарындағы кәсіпорындарында 2500-ге жуық адам жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу