Неміс компаниясы Павлодар облысында қоқыс өңдеумен айналыспақ

929

Неміс компаниясы Павлодар облысында қоқыс өңдеумен айналыспақ

"Shneider&Danzey" атты неміс компаниясы Павлодар облысында қоқысты қайта өңдеумен айналыспақ. Шетелдік инвесторлар тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу технологиясы және жобаны іске асыруға арналған қаражаттың бар екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Неміс компаниясымен өткен кездесуге жер қойнауын пайдалану және индустриялық-инновациялық даму және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының, инвестицияларды тарту жөніндегі агенттіктің және  "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының қызметкерлері қатысты.

"Біз өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп отырған кәсіпорындардың жұмысына еш кедергі келтірмейміз, – деді кездесуде Shneider&Danzey компаниясының құрылтайшысы Йорг Шнайдер. – Олардың әрқайсысын әлеуетті серіктесіміз деп танимыз. Олармен ынтымақтасу біздің ортақ табысымызды арттырмақ".

Инвесторлар жаңа жұмыс орындарын ашып, облысымыздың экологиялық ахуалын жақсартқалы отырған жобаға кірісуге әзір. Неміс технологиясы – тұрмыстық қатты қалдықтарды жақпайтын және қауіпті газдар бөлмейтін тиімді әдіс. Шетелдіктер Павлодардың тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барып, онда жұмыс істеп тұрған өңдеу технологиясымен танысты.

Келіссіздер нәтижесінде тараптар іскерлік ниет туралы меморандум жасасты. Павлодар облысының тарапынан құжатқа аймақ басшысының орынбасары Николай Дычко қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу