Бүгін Астана экономикалық форумының қарсаңында "Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасы – Неміс орта бизнесінің мүмкіншілігі ме?" атты Берлин Еуразиялық клубының 23-отырысы өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары "Kazakh Invest" пен ҚР Германия Федеративтік Республикасының елшілігі болды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Іс-шараға қатысушылар Германия Еуропалық одақта Қазақстанның стратегиялық серіктесі болып табылатындығын атап кетіп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
"Бүгін инвесторлар, оның ішінде неміс инвесторлары іске асыра алатын мүмкіндіктердің барлық пулын көрсетіп отыр. Бұл жаңа инвестициялық стратегия, жер қойнауы туралы заңнамадағы өзгерістер, Англия құқығы негізінде АХҚО құру және басқалары. Осы форумда инвестициялар және даму министрлігінің, АХҚО, "Kazakh Invest" өкілдері заңнамадағы осы жаңалықтарды және бар мүмкіндіктерді көрсете алды", - деп атап кетті "Астана" халықаралық қаржы орталығының меңгерушісі Қайрат Келімбетов.
Іс-шара барысында неміс тарапының өкілдері инвестициялық ынтымақтастықты технологиялық даму шеңберінде белсендіру қажеттігін атап кетті.
"Біздер Қазақстандағы инвестициялық климатты өте жақсы деп бағалаймыз. Бұл барлық халықаралық рейтингтерде аталып отыр. Қазақстанның үздік халықаралық практиканы негізге алатыны өте маңызды. Неміс бизнесі де бұны жан-жақты және баса назар аударып белгілеп отыр. Бізде үлкен неміс компанияларының Қазақстанға келуіне қатысты алғашқы тәжірибеміз бар. Қазіргі уақытта орта неміс бизнесін тарту өте маңызды деп ойлаймын. Олар көптеген салаларда көшбасшы болып табылады, сондықтан бұл біздің технологиялық ынтымақтастыққа күш салу тұрғысынан ерекше қызықты болады. Осы жерде "Kazakh Invest" нақты инвестициялық жобалар бойынша ақпарат пен қолдау беріп өте үлкен роль атқарады", - деп атап кетті Германия экономикасының Шығыс комитетінің меңгеруші директоры Михаэль Хармс.
Өз кезегінде ҚР инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров Германиядан келген инвестициялардың шамамен 90 пайызы бірінші кезекте өңдеуші секторға бағытталғанын атап кетті.
"Қазақстан – транзиттік ел ғана емес, жақын жатқан елдерге өз өндірісіңді экспорттауға болатын ел. "Kazakh Invest" инвесторларға перспективалы инвестициялық жобаларға, сондай-ақ жекешелендіру бағдарламасын іске асыруға қатысты нақты ақпарат береді", - деп атап кетті "Kazakh Invest" басқарма төрағасының орынбасары Марат Бірімжан.
Іс-шара қорытындысы бойынша, неміс тарапы ҚР өткізіліп отырған экономикалық реформалардың маңыздылығын жоғары бағалады және әрі қарайғы ынтымақтастыққа деген қызығушылығын білдірді.