Қарағандының Осакаров ауданында неміс технологиясы бойынша салынған сүт-тауарлы фермасы іске қосылды. "Еңбек-95" ЖШС германиядан симменталь тұқымды сиыр сатып алған, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
"Сүт өндіру бағытында жұмысымызды бастамас бұрын, біз жем базасын ойластырдық. Біз бидай, арпа және сұлы егеміз, жәнеде алқаптардың жартысына көпжылдық жем шөптерін өсіреміз. Алқаптарды суару үшін арнайы сауру құрылғыларын орнаттық", - дейді "Еңбек-95" ЖШС директоры Олег Безплемянный.
Кәсіпорынның ауылшаруашылық алқаптары 28 мың гектарды құрайды. Шаруа қожалығында 95 адам жұмыс істейді.
Сүт-тауарлы ферманың құрылысы жобасы толығымен меншікті қаражатқа салынған. Бірнеше жылда 780 млн теңге инвестиция құйылған. 19 жаңа жұмыс орындары құрылды.
"Қазір бізде 243 бас ірі қара мал бар, оның ішінде құнажындар – 130, сиырлар – 59. Біртіндеп мал басын ұлғайтамыз да, 600 бас жобалық қуаттылыққа шығатын боламыз, - деп бөлісті жоспарларымен шару қожалығының басшысы. – Сиырларды саууды тазымда бастадық, бүгінгі нәтижеміз – 240 тонна сүт".
Кәсіпорын Қарағандының сүт зауыттарының бірімен оларға өз өнімдерін қайта өңдеуге жіберіп отыратыны туралы келісім жасасқан.