Германияның электроника шығарумен айналысатын компанияларының бірі коронавирустың таралуын тежеу үшін қашықтықты сақтауға арналған құрылғы шығарды. Оны мойынға тағып жүру керек, деп хабарлайды Atameken Business.
Компания өкілдері осы құрылғының арқасында артық шығынсыз сақтануға болатынын айтады. Яғни, екі сағат сайын маска ауыстырып, әуре болмайсыз. Жаңа техника блютуздың көмегімен қашықтықты нақты өлшеп, ол сақталмаса, дыбыс береді. Бағасы – 110 еуро.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу