"Немолчи" қорының басшысы сонау Черногориядан ұсталды

166

Бұл туралы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жазба жариялады.    

"Немолчи" қорының басшысы сонау Черногориядан ұсталды Фото: Видеодан скриншот

"Немолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құқық қорғаушыларды, сондай-ақ жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын бұл жағдайға назар аударуға шақырамыз. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, төмендегі WhatsApp нөмірі арқылы байланысуға болады", – делінген жазбада.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында (ИВС) және таңертеңге дейін сонда болады. Ертең таңертең оның экстрадициялауға қатысты сот отырысы өтеді.

Ал, Динаның жолдасы Алмат Мұхамеджанов Черногория билігі Д. Таңсәріні Қазақстанға қайтармайды деп үміттенеді.

Себебі, ол бұл елде саяси босқын мәртебесімен тұрып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу