АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің ұшағы 2 тамыз кешкісін Тайбэй қаласындағы Суншань әуежайына қонды. Пэлоси мінген ұшақ қонардан бұрын Қытай басылымдары Қытайдың Су-35 әскери ұшағы Тайвань аралын маңайлағанын жазды.
Тайбэйлік "Саньли" телеарнасы дереккөздеріне сілтеме жасап, Пэлоси бастаған делегация Тайбэйдегі Grand Hyatt қонақ үйінен 48 нөмер брондағанын хабарлады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Пелосидің сапары алдында қытайлық жойғыш ұшақтар Тайванмен шекараны анықтаудың қиял сызығынан ұшып өткен. Сонымен қатар басылымның мәліметінше, аралда Қытай армиясының әскери кемелері де көрінген.