Десе де, кейін жағдай өзгеріп, бір қазақстандықтың іздестіріліп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.
– Алдын ала ақпарат бойынша, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекарадан өткен. Қазіргі уақытта азаматымыздың қайда екені белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр, – деді ол.
Бұл мәлімет Непал билігінің деректерімен де үндеседі. Reuters агенттігі 27 тамыздағы жаңартылған материалында Непалдың туризм кеңесі хабар-ошарсыз кеткен шетелдіктер арасында Қазақстан азаматтары да бар екенін жазды. Бірақ агенттік Қазақстаннан нақты қанша адамның жоғалғанын көрсетпеген.
Қазақстан СІМ бұл жағдайды бақылауда ұстап отырғанға ұқсайды. Іздеу жұмыстары аяқталып, тұлғалар бойынша деректер нақтыланғаннан соң Қазақстан азаматтарының нақты саны да белгілі болуы мүмкін.