Непал мен Тибетте алапат су тасқыны болды

568

Табиғи апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.  

Непал мен Тибетте алапат су тасқыны болды Фото: bbc.com

Непалдың Қытаймен шекаралас аймағында сел жүріп, арты алапат су тасқынына ұласты. Непал билігінің мәліметтеріне сәйкес, апаттан жоқ дегенде 162 адам опат болды, ал жүздеген адам, оның ішінде жүздеген шетелдік турист хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.  

Апатқа тау өзеніне құлаған алып мұз кесегі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылады. Непал полициясының хабарлауынша, іздеу-құтқару барысында 162 адамның денесі табылды. Атап айтқанда, Читван округінде – 64 адам, Шығыс Навалпарасиде – 26 адам. Хабар-ошарсыз кеткендер арасында 28 полиция қызметкері бар. Сәрсенбі күнгі ресми мәліметке сәйкес, 579 турист із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарланды. Олардың 466-сы – 28 елден келген шетелдіктер. Солардың ішінде 100-ден астам Үндістан азаматы, 54 америкалық және 33 ұлыбританиялық та бар. 

Тибеттегі жағдайға келсек, Қытайдың мемлекеттік БАҚ өкілдері бұл аймақта кемі 3 адамның қаза тапқанын және 550-ден астам адамның жоғалғанын, оның 260-ы шетелдіктер екенін растады.

BBC жазуынша, оқиға болған сәтте бұл адамдардың барлығы екі ел арасындағы Гьиронг шекаралық бақылау-өткізу пункті маңында болған.

Ресейдің туроператорлары қауымдастығы табиғи апат болған аймақ ұйымдастырылған турлар үшін аса танымал емес екенін атап өтті. BBC-дің Делидегі тілшісі Апарна Аллуридің сөзінше, апат болған жерде индуистер, буддистер және джайндар бірдей қастерлейтін екі қасиетті орын орналасқан. Бұл – Тибеттегі Кайлаш тауының маңындағы Мансаровар көлі мен Непалдың Расува ауданындағы Госайкунда көлі. Жыл сайын Непал арқылы Мансаровар көліне ондаған мың турист көлікпен де, жаяу да сапарлайды. Сонымен қатар дәл осы уақытта Мансаровар көліне бару, сондай-ақ Госайкунда көліне түсу дәстүрге айналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу