Непалда құлаған ұшақ бортындағы 72 адамның барлығы көз жұмды

516

Бұл туралы Yeti Airlines әуе компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ТАСС" агенттігіне сілтеме жасап.

Непалда құлаған ұшақ бортындағы 72 адамның барлығы көз жұмды

"Барлығы қаза тапты. Бортта болған 68 жолаушы және экипаждың 4 мүшесі көз жұмды", - деді авиатасымалдаушы өкілі Пемба Шерпа.

Ол "апаттан тірі қалғандардың бары" туралы нұсқаны жоққа шығарды. Айтуынша, қаза болғандардың денелері Покхара ауруханасына жеткізіліп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Непалдың Покхара қаласында ішкі рейс ұшағы апатқа ұшырады.

БАҚ ұшақ бортында шетелдіктердің болғаны туралы ақпарат таратты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу