Непал астанасы Катмандуда Saurya Airlines авиакомпаниясы ұшағы апатынан ұшқыш аман қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Annapurna Express-ке сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.
Апатқа ұшыраған лайнер – Похарадағы қызмет көрсету орталығына жол тартқан Bombardier CRJ 200, деп түсіндіреді ABC Nepal. Бортта авиакомпания қызметкерлері болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақта 19 адам болған, олардың 18-і қайтыс болды. Апат ұшу кезінде болған.
Катмандуда орналасқан Saurya Airlines Непалдағы бес бағыт бойынша ұшады. Әуе компаниясының флоты Bombardier CRJ 200 ұшақтарымен ұсынылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу