Непалда жеке басы анықталмаған 200-ден аса мәйіт жаппай жерленді

303

Жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 800-ге жуықтады.  

Непалда жеке басы анықталмаған 200-ден аса мәйіт жаппай жерленді Фото: bbc.com

Непалда жойқын су тасқынынан кейін іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Nepal News жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаза болғандардың ең көп саны Читван ауданында тіркелді. Мұнда 248 адамның денесі табылған. Бұған дейін Непал билігі 794 адамның қаза болғанын, ал шамамен 2500 адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған еді. Қытай аумағында да адам өлімі тіркеліп, 554 адам хабар-ошарсыз кеткені айтылды.

Читван ауданында табылған мәйіттердің көпшілігін анықтау қиын болып отыр. Су тасқынының салдарынан болған ауқымды қираулар жағдайды нашарлатқан. Бұған дейін ауданда 233 адамның мәйіті табылып, билік жеке басы анықталмаған марқұмдарды жерлей бастаған. Мамандар ДНҚ үлгілерін алып, мәйіттерге сәйкестендіру нөмірлерін бергеннен кейін 229 адам жерленді.

Непалдың сыртқы істер министрі Шисир Ханалдың айтуынша, кейбір мәйіттер адамдар тасқынға дейін болған жерден шамамен 100 шақырым қашықтықтан табылуы мүмкін. Kathmandu Post газетінің хабарлауынша, құтқарушылар өзендердің бойынан мәйіттермен қатар, адам денесінің жекелеген бөліктерін де тауып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу