Непалдағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

117

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.  

Непалдағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ Фото: ЖИ

Непал мен Қытай шекарасында болған су тасқынынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, қазіргі таңда апат салдарынан зардап шеккен немесе жоғалған қазақстандықтар туралы ақпарат тіркелмеген.

"Жағдай ҚР СІМ бақылауында", – деді ведомство өкілі.

Бұған дейін Непал мен Қытай шекарасында болған су тасқыны салдарынан жүздеген туристің із-түзсіз жоғалғаны хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу