Ғарыштан түсірілген суреттерден Сьяпру-Беси мен Тупче елді мекендерінің әсіресе қатты зардап шеккені көрінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.
Сарапшылар апатқа Гималайдың биік бөлігіндегі ірі мұздықтың опырылуы себеп болуы мүмкін деп есептейді.
Спутниктік суреттер Непал шекарасының солтүстігіндегі мұздықта ұзындығы бірнеше жүз метр болатын опырылу орнын көрсетеді. Мамандардың пайымынша, опырылған мұздың қалың массасы алапат су тасқынына түрткі болып, су аңғарларды орасан зор жылдамдықпен бойлай аққан. Табиғи апаттан кейін шамамен 170 шақырымға созылған қирау ізі қалған.
Апат салдарынан жүздеген адам қаза тапты. Қазір екі мыңнан астам адам әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.