Непалда алапат тасқыннан қираған ГЭС-ке апаратын туннелден бүгін 2 адам құтқарылды. Олар арада 9 күн өткенде жер бетіне аман-есен шығарылып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тамыздың 26-сында Гималайда мұздық құлап, жер сілкініп, Тришули өзені тасығанда, су электр станциясын таудан көшкен сел басып қалып, туннелдерден 900-дей адам шыға алмай қалған. Жұмысшыларды іздеу операциялары әлі жалғасып жатыр.
Дегенмен топан судың ГЭС-ке кіре бастағанын дер кезінде байқап, сыртқа шығып үлгергендер де бар.
Жалпы алғанда бұл апаттан Непалда 1259, Қытайда 21 адам қаза тауып, екі жақты қоса алғанда бас-аяғы 5 жарым мыңдай адам жоғалып кеткен. Хабарсыз кеткендердің арасында жүздеген турист бар. Ал ЮНИСЕФ-тің дерегінше, қазір Непалда 22 мыңдай бала ауызсуға мұқтаж және оларға жұқпалы аурулардан қауіп төніп тұр.