18 жастағы Нима Ренджи Шерпа сәрсенбіде жергілікті уақыт бойынша таңғы алтыда Тибеттегі Шишабангма тауының басына көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайт BBC-ге сілтеме жасап.
Ол әлемнің барлық 14 сегізмыңдығын, яғни биіктігі теңіз деңгейінен 8000 метрден асатын барлық тауларды бағындыра алған ондаған адамдардың бірі болды. Шерпа 16 жасында альпинизммен айналыса бастады. Барлық 14 шыңды бағындыруға 740 күн кетті.
Ол оныншы сынып оқып жүргенінде кезекті емтиханын тапсырғаннан кейін көп ұзамай Непалдағы әлемдегі ең биік сегізінші Манаслу тауының шыңына көтерілді.
Нима Ринджидің рекордтар тізімі мұнымен шектелмейді: ол Қаракорамдағы Гашербрум I және II шыңдарын бағындырған әлемдегі ең жас альпинист; Кашмирдегі Нангапарбатқа көтерілген ең жас альпинист; Эверест пен көршілес Лхоце тауын 10 сағат ішінде бағындырған ең жас альпинист.
Нема Ренджи Непалдағы ең ірі Seven Summit Treks альпинистік экспедиция ұйымдастырушы компанияны басқаратын рекордсмен альпинистер отбасынан шыққан. Шерпаның да тауға шығуын өздері ұйымдастырған.
Нима Ренджидің әкесі Таши Лакпа Шерпа Би-би-си-ге айтқандай, рекорд орнатылғаннан кейін көп ұзамай ұлы оған серіктесімен бірге шыңға шыққанын хабарлау үшін спутниктік телефон арқылы қоңырау шалған, ұлының жетістігі сол күні таңертең рекордтар кітабына енгізілді.
Шерпаға дейін барлық сегізмыңдықтарды бағындырған ең жас альпинист басқа непалдық альпинист Мингма Гябу "Дэвид" Шерпа болды. Ол 2019 жылы 30 жасында рекорд орнатты.