"Неше күннен бері түсіме кіріп жүр": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алды

602

Тележүргізуші соңғы кезде өзін мазалап жүрген жайт туралы айтты. 

"Неше күннен бері түсіме кіріп жүр": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алды Фото: Instagram/ sultankyzy

Журналист, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі бірнеше күн бойы түсіне кіріп жүргенін айтып, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соған орай тележүргізуші жеті шелпек пісіріп, күйеуінің әруағына құран бағыштаған.

"Неше күннен бері Қайрекең түсіме кіріп жүр. Неге екенін білмеймін. Бүгін жеті шелпек пісірдік", - деп жазды ол.

Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы ұл тәрбиесі туралы пікірін айтты.

"Ұлдар өскен сайын іште басқаша сезім. Өз қалаулары, жоспарлары бар, приоритеттері басқа, баяғыдай қолынан ұстап жетектеп кете салмайсың. Қартайғанда мені сүйрейтін болса деп армандап қоямын. Негізі "қартайғанда мені асырау керек" деген міндет артқанды ұнатпаймын", - деп жазды тележүргізуші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу