Несие ақшаға сатып алған көлігі ұрлықы болып шықты

992

Несие ақшаға сатып алған көлігі ұрлықы болып шықты

Қостанай қаласында тұратын әйел несиеге 2010 жылғы "Volkswagen Passat" маркалы темір тұлпарды алам деп, ақыры құр алақан қалды, деп хабарлайды kostanaytany.kz.

Жапа шегуші бұл көлікті мамандандырылған сайттағы хабарландырудан кезіктірген. Көлік құны 2 700 000 мың теңгеге шыққан. 

Өткен жылы мамыр айында азамат О. Рудный қаласының ІІБ-на сату-сатып алу келісімін рәсімдеуге, автокөлікті тіркеуге алдыруға барғанында, тәртіп сақшылары бұл көліктің іздеуде екенін айтып, оны үйіне жаяу жіберген.
Ақырында әйел ақшадан да, көліктен де қағылды, оның үстіне ұрланған машинаның ай сайынғы несиесін төлеу де зардап шегушінің мойнына жүктелді. Осы себептен ол сату-сатып алу келісім-шартын бұзу және 2 700 000 мың теңгені ұрының өзіне төлету талабымен сотқа шағымды. Сот талқылауы барысында бұл көліктің В. есімді Ресей азаматына тиесілі екені анықталды және ол иесіне қайтарылған. Ал көлікті ұрланғандар тізіміне тіркеуде әуелде ағат жіберген полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Істің мән-жайын жан-жақты қараған сот, азаматшаның талабын қанағаттандыруға шешім шығарды. Жауапкер тарапынан жапа шегушіге 2,7 млн теңге өндіріледі. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу