Несие алатындардың коммуналдық төлем бойынша қарызы тексеріледі

1177

Несие алатындардың коммуналдық төлем бойынша қарызы тексеріледі

Алматылықтардың жыл басынан бері ыстық су мен жылуға қарызы 660 млн теңгеге жуық. Берешегін жылдап төлемейтін тұрғындар енді жаппай коммуналдық жүйеден ажыратылып жатыр, деп хабарлайды  Алматы телеарнасы.

Тіпті жуық арада коммуналдық қызметті дер кезінде төлемегендер енді несие ала алмай қалуы мүмкін. Өйткені біраз жылдан бері қарастырылып келген мәселе алдағы 2 айда жүзеге асуы ықтимал. Яғни несие берілер алдында азаматтардың коммуналдық төлем бойынша қарызының бар-жоқтығы тексеріледі. Мұндай қадамға көрсеткен қызметтеріне ақы өндіре алмай жүрген кәсіпорындар барған. Бұл шара ең бірінші Алматы тұрғындарына қатысты қолданылады. Себебі коммуналдық төлем жасамай жүргендер осы қалада көп. Мысалы тек маусым айының басынан бері қалада 300-ге жуық нысанның ыстық суға қарызы 35 млн теңгеден асқан.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын Ұлттық несие бюросымен бірігіп, банктерден несие берерде клиенттің коммуналдық төлемдерді төлеу қабілетін тексеру мәселесін көтердік. Енді коммуналдық төлемді төлей алмағандар несиені де жаппайды деген сөз. Банктерде несиені қайтаруда мәселе туындауы мүмкін. Менің ойымша, бір-екі айдың көліменде бұл жоба жүзеге асады",- деді "Алматы Жылу Жүйелері" ЖШС жылу энергиясын өткізу басқармасының басшысы Махамбет Жанұзақов.

Мамандар қарызы бар тұрғындарды ыстық су мен жылудан жаппай ажырату кезеңін бастады. Енді қарызы барлар толығымен қызметтен қағылады. Өйткені, инженерлер барынша халықтың жағдайын түсініп, осы уақытқа дейін ескерту жасап келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу