Жергілікті билік микрокредитті ұйымдарды қаржыландыру керек. Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Солтүтік Қазақстанға жасаған іс сапарында осылай деді. Бүгінде аймақта 36 бизнес субъектісі қызмет етуде. Өткен жылы олардың жалпы өндіріс көлемі 380 млрд теңгені құраған. Ал облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемі 166 млрд теңге. Аймақ басшысының айтуынша соңғы 5 жылда кәсіпкерлікте даму байқалғанымен бизнесмендерді алаңдатып отырған сұрақ аз емес. Петропавл ауыр машина жасау зауытының басшысы Қуаныш Бішімовтың сөзінше келелі мәселенің бірі – несие алудың ауылдағылар үшін қолжетімсіздігі. Қазір облыста 19 шағын кредит беретін ұйым бар. Бірақ олардың ешқайсысы ұзақ мерзімді несие бермейді. Тимур Құлыбаев бұл мәселені аталмыш ұйымдарды облыс бюджетінен қаржыландыру арқылы шешу қажет дейді.