"Несие алу немесе алмау әр азаматтың өз еркінде" – Олжас Қизатов

153

Микроқаржы ұйымдарының жарнамасына тыйым сала алмаймыз.   

"Несие алу немесе алмау әр азаматтың өз еркінде" – Олжас Қизатов Фото: Видеодан скриншот

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов агенттіктің ондай құқығы жоқ екенін түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Сенат ұйымдастырған дөңгелек үстелден кейін микроқаржы ұйымдарының "агрессивті" жарнамасына қатысты өз пікірін айтты.

– Жарнама жолдау – әр микроқаржы ұйымының өз құқығы. "Сіздер біздің микроқаржы ұйымнан осындай несие ала аласыз", – дейді. Несие алу немесе алмау әр азаматтың өз еркінде. Алғысы келсе, алады. "Олар жарнама ретінде жібереді, біз оларды қалай шектейміз? Кредит алуға оларды мәжбүрлемейді ғой. Жай ұсынысын жолдайды. Шарттарына келіссе алады, келіспесе алмайды. Жарнама берерде шектеуге біздің құқығымыз жоқ, – деді агенттік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу