Несие алушылар саны артып отыр

1357

Несие алушылар саны артып отыр

2016 жылдың 9 айында берілген несиелер көлемі 525 млрд теңгеге артты. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz

"Банктердің экономикадағы несие қалдығы биыл өзгерген жоқ — 12,7 трлн теңге. Дегенмен, 2016 жылдың 9 айында берілген несиелердің көлемі 525 млрд теңгеге ұлғайып, 7,2 трлн теңге болды", — деді Д. Ақышев.

Оның сөзінше, теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі қаңтарында 23,7 пайыз болса, қыркүйекте 16,3 пайызға  дейін төмендеген.

"Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады. Экономикадағы дағдарыс құбылыстары сақталған жағдайда Ұлттық банк қаржы нарығын реттеудің жаңа сипатын ұстанады", — деп қорытындылады Д. Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу