Несие алушылардың 74 пайызын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрайды

928

Биыл ел бойынша 19 мыңнан астам азамат несиемен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Несие алушылардың 74 пайызын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрайды

Соңғы үш жылда ауыл тұрғындарды несиемен қамту жоспары 5 есеге ұлғайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында айтты.

Ауылдық желдерде несиелердің орташа сомасы 4 млн теңгені құрайды. Несиелердің 52%-ы 3 млн теңгеге дейінгі сомада болса, 45%-ы 3 млн теңгеден бастап 10 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Ал қалаларда несиелердің орташа сомасы 11 млн теңгені құрайды.

"Биыл ел бойынша 19 мыңнан астам азамат несиемен қамтамасыз етіледі деп күтілуде, оның 16,7 мыңы ауыл тұрғыны болса, 2,3 мыңы – қала тұрғыны", – деді министр.

Несиелер келесі мақсаттарға алынған – 60%-ы стартап жобаларға (5 684), 33%-ы бизнесті кеңейтуге (3 119), 7%-ы зәкірлік кооперацияларды дамытуға (630) берілді. Несие алушылар қосымша 8 384 жаңа жұмыс орындарын ашқанын атап өту керек.

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде ауылдарда несилердің 80%-ы – мал шаруашылығына, 9,6%-ы – қызмет көрсетуге, 6%-ы – көлік және байланыс салаларына тиесілі.

Қалалық жерде несилердің 30%-ы  – сауда саттықта,15%-ы – өнеркәсіпте, 12%-ы – құрылыс салаларына пайдаланылуда.

Несие алушылардың әлеуметтік статусына назар аударсақ, 22%-ы – жұмыссыздар (2 075 адам), 74%-ы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 2,5%-ы – мүгедектер (236 адам), 1,5%-ы – аз қамтылған отбасылар. Олардың ішінде 15%-ы – жастар, 34%-ы – әйел адамдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу