Несие алып, Ресейден 90 ірі қара әкелген шаруалар әкімшілік жазаға тартылмақ

1036

Несие алып, Ресейден 90 ірі қара әкелген шаруалар әкімшілік жазаға тартылмақ

Қарағандылық ветеринарлар Ресейден келген 90 бас ісі қараны кері қайтаруды талап етіп отыр, деп хабарлайды astanatv.kz.

Ақтоғай ауданының фермерлері мал басын асылдандыруды жоспарлап, мемлекеттен "Сыбаға" бағдарламасы арқылы несие алған. Содан 50 млн тенгеге "Герефорд" тұқымды 90 бас ірі қараны Ресейдің Челябинск облысы "Варшава" фермасынан сатып алған. Қарағанды облысына еш кедергісіз жеткен түлікті енді ветеринарлар кері қайтаруды немесе көзін жоюды талап етуде.

Ветеринарлардың айтуынша, екі шаруа да заң бұзған. Ауыл шаруашылық министрлігі кәсіпкерлерге аталған өңірден "Герефордтарды" әкелуге тыйым салған. Ал, шаруалар әкімшілік жазаға тартылмақ.

"Мал иелерінің жағынан заң бұзушылық тіркеліп отыр. Неге десеңіздер, РФ Челябинск облысында аса қауіпті аурулар тіркелген болатын. Нодулярный дерматит пен аусылға қарсы вакцина қолданады. Қарағанды облысы аусылдан таза аймақ. ҚР заңнамасына сәйкес, ол өңірлерден мал тасымалдауға болмайды", - дейді Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі Марат Мұхтаров.

Кәсіпкерлер малға қан сараптамасын жасап тексеруді, тіпті уақытша карантин жариялауды сұрайды. Мамандар қазір Ресейдің ветеринария қызметі берген анықтамаларды тексеріп жатыр. Олар Қазақстан тарапынан салынған тыйымға қарамастан неге мал сатқанын да анықтамақшы. Отандық ветеринарлар наразылық хат жолдады. Ал 90 бас ірі қара Қарағанды қаласында жолда қамаулы тұр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу