Несие беру үшін құжат қабылдау жүйесі жеңілдетілуде

2036

Несие беру үшін құжат қабылдау жүйесі жеңілдетілуде

Ал тұтынушылық несиені енді үйде отырып-ақ алуға болады. Елімізде құрылған жаңа микроқаржылық ұйым клиенттерге өздері курьерлерді жіберіп, құжаттарды сол жеткізу қызметі арқылы қабылдайды. Қаржы ұйымдары осылайша тұтынушыларды ұзын-сонар кезекке тұрғызудан құтқарамыз дейді. Ал несиені беру туралы шешім бар жоғы санаулы секундтар ішінде шығады екен. Берілетін қарыз көлемі 500 мың теңгеге дейін болмақ. Ал оның үстемақы төлемі 25 пайыз көлемінде белгіленген. Ірі банктерге бәсекелес болмаса да, аталған микроқаржылық ұйымның халық үшін ұтымды тұстары бар.

Алина Дзоекаева, микроқаржы ұйымының директоры:

"Біздің кредиттік портфеліміз 2020 жылға дейін 30 миллиардқа жетеді деп сенеміз. Өйткені осындай соммадағы ақшаны біз кепілсіз береміз. Ал бұл халыққа тиімді болмақ. Курьер құжатты толтырып біткенше біз борышкердің атына пластик карта ашып несиені сол картаға аударамыз. Бұл өте жылдам. Жылдамдық біздің негізгі құралымыз болмақ".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу