Несие беруде ұсталатын банк комиссиясы алынып тасталмақ

986

Несие беруде ұсталатын банк комиссиясы алынып тасталмақ

Қазақстанда несие рәсімдеген және оны берген кезде ұсталатын банк комиссиясы алынып тасталмақ, деп хабарлайды naryk.kz. 

Мұндай норма "Меншік құқығын қорғау мен арбитражды күшейту мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған.

Ресми мәліметке сай, әділет министрлігі мен үкімет аталған заң жобасын мақұлдап отыр. Құжат аясында несие рәсімдеген кездегі есеп бойынша банк комиссиясының күшін жою мен ипотекалық қарыз бойынша төлемнің алты ай өтіп кеткеніне байланысты сыйақы есептеуді тоқтату және кепілзат берушіге кепіл мүлікті өз бетінше сату мүмкіндігін беру ұсынылуда.

Сонымен қатар, заң жобасында мемлекет қажетіне керек болған кезде жер телімін мәжбүрлеп алуды да қарастырылған.

"Егер белгілі бір жер телімі мемлекетке керек болса, жергілікті билік дәл сондай басқа жер теліміне айырбастап береді немесе соның нарықтағы құнына тең қаражат өтемақы береді", делінген министрлік хабарламасында.

Бұлардан бөлек жаңа заң жобасында мұрагерлік, нотариат, ЖШС қатысушыларының үлестерін бөлу секілді мәселелерге жаңалық енгізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу