Төлем қабілеті жеткіліксіз азаматтар үшін банк есігі енді жабық.
Бұл туралы Қаржы агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кезекті үндеуінде елдің тұтынушылық қарызы кәсіпкерлер борышынан асып түскенін айтқан. Соған сәйкес, шұғыл шара қабылдауды тапсырды. Ал бүгін салаға жауапты шенділер банктердің жеке капиталына талап күшейтіліп, қарыз жүктемесін азайту үшін кредиттің де оңды-солды таратылмайтынын мәлімдеді.
Мадина Әбілқасымованың сөзінше, несие рәсімдеу кезінде тұрақты табыстан басқа расталмаған кіріс көздері енді есепке алынбайтын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу