Сүйінші! Несие пайызы төмендеді

2906

Мұның тиімді тұстары жетерлік деп отыр жобаны дайындағандар.

Сүйінші! Несие пайызы төмендеді Фото: 7-su.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Онда банктік кепілсіз несие және микрокредиттер бойынша жылдық пайыздық сыйақы мөлшерлемесі 56 пайыздан 46 пайызға азаяды, ал кепілмен берілетін несиенің пайызы 40-тан 35 пайызға дейін төмендейді делінген.

Кепілсіз несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер ұзақ жылдар бойы бір деңгейде қалған еді. Енді міне, көптеген талқылаулардан кейін жаңа құжат күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу