Несие серіктестіктерінің қарыз қоржыны 115 миллиард теңгеге тең

929

Еліміздегі 193 несие серіктестігі 17 мыңнан астам адамды біріктіріп отыр.

Несие серіктестіктерінің қарыз қоржыны 115 миллиард теңгеге тең

Несие серіктестіктері 2001 жылдан бастап шаруаларға 288 млрд теңгеден астам қарыз берген, деп хабарлайды abctv.kz "ҚазАгро" холдингіне сілтеме жасап.

Холдингтің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 193 несие серіктестігі бар. Олар 17 мыңнан астам адамды біріктіріп отыр. Несие серіктестіктері 2001 жылдан бастап агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне 47 мыңнан астам қарыз берген. Ал берілген жалпы қарыз көлемі 288 млрд теңгеден асады.

"Бүгінде несие серіктестіктеріне мүше адамдардың иелігінде 500 мыңнан астам ірі қара мал, 1 миллионнан астам ұсақ мал бар. Оларға 8 млн гектар егін алқабы, 8,8 млн гектар жайылымдық жер тиесілі. Несие серіктестіктері арқылы 33 мыңнан астам жұмыс орыны құрылды. Бүгінде серіктестіктердің қарыз қоржыны 115 млрд теңгені құрап отыр", – делінген "ҚазАгро" холдингі таратқан мәліметте.

Еске сала кетейік, несие серіктестіктері ауыл тұрғындары үшін қарыз береді. Олардың бұған жол жеткізу мүмкіндігі жоғары. Тұрғындар берілген несиені мал, өсімдік шаруашылықтарын дамытуға, қожалықтардың техникалық паркін жаңартуға пайдалана алады. Бұдан бөлек, серіктестіктер шағын және орта бизнес өкілдерін де қаржыландырады.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу