Оған шекара ашылмай, тікелей рейстердің әлі де іске қосылмай тұруы себеп, деп хабарлайды Аtameken Business.
Дегенмен, қазір Мәскеуге Стамбул мен Франкфурт арқылы жетуге мүмкіндік бар. Бірақ оған билет бағасы тым аспандап кеткен. Мәселен, тикет платформаларында "Эйр Астана"-ның 1-қазандағы рейс құны 700 мыңнан басталса, Lufthansa билетін 1,5 млн теңгеге бірақ-ақ шығарған. Әрі онда несиеге рәсімдеп, 6 айға бөліп төлеуге мүмкіндік те қарастырылығаны ескертіліпті. Әзірге тікелей рейстер қараша-желтоқсан айында ашылады деген қауесет бар. Бірақ оның да бағасы арзан болмайтын сияқты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу