Несиеге берілген қаражаттың 80 пайызы мал шаруашылығына жұмсалады

761

Несиеге берілген қаражаттың 80 пайызы мал шаруашылығына жұмсалады

Жамбыл облысында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен несиеге берілген қаражаттың 80%-ы мал шаруашылығына жұмсалады, деп хабарлайды 24.kz.

Аталған жоба аясында биыл өңірге 10 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның 3,3 миллиарды жергілікті тұрғындарды шағын несиелендіруге беріледі. Осының арқасында 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, аймақтың жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі артпақ.
Облыста 60 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі  жұмыс істеп тұр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл кәсіпорындармен 55 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Онда 120 мыңнан астам адам еңбек етеді. Жалпы айта кету керек, қазір Жамбыл облысында 25 мыңдай адам жұмыссыз. Бұл өңірдегі жұмыссыздық деңгейінің 4,9 пайызын құрайды. Мамандар бұл тұрақты жағдай деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу