Несиелік қоржын көлемі бойынша Алматы облысы үшінші орында тұр

1183

Несиелік қоржын көлемі бойынша Алматы облысы үшінші орында тұр

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері ШОБ субъектілеріне 26,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Несиелік қоржын көлемі бойынша Алматы облысы Алматы және Астана қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыс басшысы Амандық Баталов хабарлағандай, "Даму" қоры, жергілікті бюджет және Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы есебінен 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген, соның ішінде 1,9 млрд теңгесі – жергілікті бюджеттен.

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде шағын неисеге 5,3 млрд теңге қарастырылды. Соның нәтижесінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны үш жылда - 23 %, жұмысшылар саны – 16 %, шығарылған өнім көлемі 29 % өсті", - деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу