Мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушыға пайыздар бойынша артық төлемді қысқартып, борыштық міндеттемелерді жеделдетуге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол барлық берешектің жабылуымен толық болуы немесе белгіленген кестеден тыс соманы енгізу арқылы ішінара болуы мүмкін. Ішінара өтеу кезінде қарыз алушылар ай сайынғы төлем сақталған кезде несиенің мерзімін қысқартуды немесе мерзім сақталған кезде төлемнің өзін төмендетуді таңдай алады.
"Қаржы ұйымдары заңнама шеңберінде мерзімінен бұрын өтеудің ішкі тәртібін, яғни ең төменгі сомаларды, өтініш беру мерзімдерін және есептік күндерді белгілеуге құқылы.
Қарыз алушыларға банкпен қайта есептеу әдісін, қаражатты есептен шығару тәртібін, сақтандыру сыйлықақыларын қайтару ерекшеліктерін және ипотека бойынша ауыртпалықты алу процесін алдын ала келісу ұсынылады”, – делінген агенттік таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында 2025 жылғы 31 тамызда мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкциялары тек заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енді.
Жеке тұлғалар несиені кез келген уақытта тұрақсыздық айыбын төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шартқа, соның ішінде бұрын жасалған шарттарға да қолданылады.