Несиені кейінге қалдыру үшін қаржылық қиындықты растайтын құжат өткізудің қажеті жоқ

2016

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігінің өкілдері мәлімдеді.  

Несиені кейінге қалдыру үшін қаржылық қиындықты растайтын құжат өткізудің қажеті жоқ

Несие төлеуді кейінге қалдыру үшін қаржылық қиындықты растайтын құжат өткізудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Atameken Business.

Мамандардың айтуынша, төтенше жағдай кезінде несиелендіру субектілеріне қарызды талап етуге тыйым салынды. Сонымен, борышкерлерді қолдау механизмі қалай жұмыс істейді?  

Ал отандық банктер төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдауға дайын. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабынан хабарланғандай, 12 қаржы институты шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске асыруды қолға алды. Осылайша, кәсіпкерлер 12 айға дейінгі мерзімге жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша несие ала алады. Қарыз айналым капиталын толықтыруға беріледі. Бизнесті қолдауға арналған бұл жоба үшін Ұлттық банк 600 млрд теңге бөлген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу