Несиені мерзімінен бұрын өтегенде салынатын айыппұлдар жойылады

629

Енді несиені мерзімінен бұрын комиссиясыз өтеуге болады.

Несиені мерзімінен бұрын өтегенде салынатын айыппұлдар жойылады Фото: gov.kz

31 тамыздан бастап Қазақстанда банктердің несиені мерзімінен бұрын өтеуге салатын айыппұлдары жойылады, деп жазады inbusiness.kz сайты LS Fingramota порталына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта банктер қарызды мерзімінен бұрын өтеу жағдайында айыппұл салуға құқылы, егер бұл өтеу алғашқы алты ай ішінде (несие мерзімі бір жылға дейін) немесе алғашқы бір жыл ішінде (мерзімі бір жылдан асатын несиелер үшін) жүзеге асырылса, аталған шектеу барлық қарыз алушыға қатысты қолданылады.

"Алайда 2025 жылдың 31 тамызынан бастап заң өзгереді. Мұндай айыппұлдар тек заңды тұлғаларға ғана қолданылатын болады, ал жеке тұлғаларға кез келген уақытта қарызын ешқандай санкциясыз өтеуге рұқсат етіледі", – деп хабарлайды портал.

Мерзімінен бұрын өтеу кезінде тұтынушы банкке пайыз бойынша аз ақша төлейтіні атап өтілген.

Бұған дейін Қаржылық реттеу және дамыту агенттігі банктерге жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау бойынша бөлімшелер құруды міндеттеген болатын.

Бұл бөлімшелерде өтініштерді қарау тиімділігі, негізгі тәуекелдер, қызмет көрсету сапасы және қаржы өнімдерінің тиімділігі бағаланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу