Несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін

295

Кредиттің жылдық пайыздық мөлшерлемесі төмендесе, несиеге батқан халыққа оң әсерін тигізер еді. 

Несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін Фото: canva.com

Банк сұрақтары бойынша тәуелсіз сарапшы осылай дейді.

Есте болса, жақында ғана Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова пайыздық мөлшерлемені 56 пайыздан 44 пайызға дейін төмендетуді келесі жылы қарастырамыз деген болатын.

Сарапшының сөзінше, 2012 жылдан бері 56 пайызбен қаржылай және тауарға несие беріліп келген. Жұрттың қарызға батып кетуіне де дәл осы жоғары пайыз әсер етті.

Бірақ, мөлшерлемені төмендетудің кері әсері де бар. Агенттік "сол тұсты қатаң бақылауға алу керек" дейді Нұржан Бияқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу