Несиесін төлей алмағандарға банк омбудсмені қалай көмектеседі?

Бұл туралы Дархан Нұрпейісов айтып берді. 

Несиесін төлей алмағандарға банк омбудсмені қалай көмектеседі? Фото: canva.com

Банк омбудсманының сөзінше, қарыз алушылар ең алдымен банктің өзіне баруы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Дархан Нұрпейісов банк омбудсманының несиесін төлей алмай, қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарға қалай көмек көрсететінін айтып берді. 

– Өмірде әртүрлі жағдай болады ғой, осындай жағдайлармен қарыз алушы кездесетін болса, ол банк омбудсманына келуге құқығы бар. Бірақ та, ол бірінші банктің өзіне немесе коллекторлық ұйымға баруы керек. Өз мәселесі мен ұсыныстарын береді. Банк 15 күннің ішінде қарыз алушының ұсыныстарын қарап, келісуі немесе өз ұсынысын беруі керек. Болмаса берілген ұсынысты қабылдамайтынын білдіруі тиіс. Осындай жағдайда, қарыз алушы банк омбубсманына жүгіне алады. Ондай кезде біз қарыз алушының қаржылық жағдайын және оны дәлелдейтін құжаттарын қарап, жағдайды түсінгеннен кейін, бірге отырып ұсыныстарымызды дайындап, банкке жібереміз. Банк қарап, өз жауабын береді, – деді банк омбудсманы Дархан Нұрпейісов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу