"Несиесін жауып, үйін әперіп қояды": Журналист Париж Олимпиадасына қатысқан спортшылардың жағдайы алдын ала жасалғанын айтты

647

"Шыны керек, спортшыларда тоқтық бар".

"Несиесін жауып, үйін әперіп қояды": Журналист Париж Олимпиадасына қатысқан спортшылардың жағдайы алдын ала жасалғанын айтты Фото: stan.kz

Париждегі бәсекеде олимпиада туралы ақпарат таратқан спорт журналисі Аслан Қаженов барлық жағдайы жасалып, тіпті несиелеріне дейін алдын ала жабылып қоятынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі

Бұл туралы лд "Бірінші бол" ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.

"Шыны керек, спортшыларда тоқтық бар. Өйткені Париж олимпиадасының алдында спортшылардың барлық жағдайы жасалды. Спортшы алаңдамасын деген мақсатпен федерация өкілдері олардың басындағы несиелерін жауып, көлік, пәтерлерін әперіп қойған еді. Өкінішке қарай, бұл оң нәтиже бермеді. Ал басқа елдің спортшылары "аш" келіп, көрдіңіздер қандай нәтиже көрсеткенін", – деді Қаженов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі олимпиада ойындарында жеті медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 43-орынға жайғасқан еді.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу