Nestle ботқасынан ГМО табылды

962

Nestle компаниясының өнімдерін ел аумағына кіргізбеу туралы шешім қабылданды.

Nestle ботқасынан ГМО табылды

Роспотребнадзор Nestle компаниясының тез дайындалатын "Быстров" ботқасынан генетикалық түрлендірілген папайяны анықтады. Анықталған папайя сызығы Ресейде белгіленген тәртіптен асып кеткен. Бұл туралы ақпаратты lenta.ru таратып отыр.

Сондықтан да аталған мекеме Nestle компаниясының өнімдерін ел аумағына кіргізбеу туралы шешім қабылданды.

Ведомство шикізат Қытайдан әкелініп, оны Ресейге "ЭкоСервис" компаниясы жеткізетінін анықтады.

Заң бойынша, Ресейде генетикалық түрлендірілген организмдерден (ГМО) алынған және мемлекеттік тіркеу нысанында сәйкестік бағалаудан өтпеген өнімдерді өндіруге және сатуға тыйым салынған. Ал Nestle өз өнімдерінің техникалық регламент талаптарына сәйкес еместігі туралы хабарлауға міндетті бола тұра мұны жасамаған. Осы салғырттықтан кейін компанияға 30 мың рубльге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Қазіргі таңда ГМО табылған "Быстров" ботқасын сауда нүктелеріне жөнелту тоқтататылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу