Нетаньяху Байденді қойып, Трамппен бұрынғы достығын жандандыруға көшті

179

Нетаньяху мен Трамп арасы Израиль премьер-министрі Джо Байденді 2020 жылғы сайлаудағы жеңісімен құттықтағаннан кейін бұзылды. 

Нетаньяху Байденді қойып, Трамппен бұрынғы достығын жандандыруға көшті Фото: NA Regnum

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен қарым-қатынас орнату жөніндегі көпжылдық талпынысы экс-президентке жасалған қастандықтан кейін өз жемісін бере бастағандай, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Axios сайтына сілтеме жасап. 

"Бәрі артта қалды ғой" дегенде біз қайта бастапқы мәселеге келіп, Трамптың ашуы әлі басылмағанын байқаймыз", — деді Нетаньяхудың көмекшісі.

Нетаньяхуға жақын адамдар, егер Трамп қараша айында бірінші президенттік мерзіміндегідей жеңіске жетсе, қарым-қатынас бұрынғыдай етене болмайды деп қорқады.

Алайда, Нетаньяхудың Трампқа жіберген сенбідегі кісі өлтіру әрекетін айыптайтын бейнежазбаны оның Truth әлеуметтік желісінде жариялауы оларда үміт отын жаққандай болды. 

2021 жылы өзінің "Трамп әлемі" кітабына арналған сұхбатында ол Нетаньяхуды Байденді жеңісімен құттықтап, Израиль үшін және жеке өзі жасаған барлық істеріне қарамастан, оның алаяқтық туралы мәлімдемесін қолдамағаны үшін Израиль премьерін опасыздық жасады деп айыптады.

"Содан бері мен онымен сөйлескен жоқпын. Енді көрмегенім сол болсын (fuck him!)", –деді Трамп.

Дегенмен, ол жеке өзі Нетаньяхуға әлі де сүйіспеншілікпен қарайтынын жасырмады. Сонымен бірге ол Нетаньяху Үкіметі палестиналықтармен бейбітшілікке байсалды қарамады және Иран генералы Касем Сүлейманиді өлтіруде жеткілікті белсенді рөл атқармады, нәтижесінде АҚШ тәуекелге баруға мәжбүр болды деп басқа да наразылықтарын білдірді. 7 қазандағы оқиғалардан және Газадағы соғыстан кейін Трамп Израильге көпшілік алдында қолдау білдірді, бірақ жеке Нетаньяхуға емес.

Трамптың бұрынғы кеңесшісі Axios-қа оның сайлаудан кейін Нетаньяхудан көңілі қалғанын, сондай-ақ 7 қазанға әкелген сәтсіздіктерге алаңдайтынын айтты. 
Дегенмен, кеңесші Трамп Нетаньяхумен жұмыс істей алатынын жеткізді.

Қастандық жасамас бұрын, Трамп әкімшілігінің тағы бір бұрынғы шенеунігі Нетаньяху 2017 жылы болған сияқты Трамптың екінші президенттік мерзімінің басында Ақ үйге шақырту күтпегені дұрыс екенін алға тартты.

Нетаньяху Трампқа жасалған қастандықты айыптайтын мәлімдеме жасаған алғашқы әлемдік көшбасшылардың бірі болды, содан кейін ынтымақтастықты білдіретін кем дегенде үш қосымша мәлімдеме жасалды. 

"Барлық израильдіктер сияқты, менің әйелім Сара екеуміз президент Дональд Трамптың өміріне жасалған жан түршігерлік қастандыққа алаңдаушылық білдіреміз", — деді Нетаньяху өзінің бейне хабарламасында.

Ол бұл Трампқа шабуыл ғана емес, Америка мен демократияға шабуыл екенін баса айтты және Трампқа Израиль атынан "одан әрі күш" тіледі.

Нетаньяхудың көмекшілерінің бірі оның видеода Трампты "бұрынғы президент Трамп" емес, "президент Трамп" деп атауының стратегиялық астары бар. 

"Бізге Трамптың мұны көргенін айтты", – деп атап өтті Нетаньяхудың көмекшісі.

Израильдің бір шенеунігі Нетаньяхумен жақсы қарым-қатынаста болған әрі осы аптаның басында Трамптың президенттікке кандидатурасын қолдаған Илон Маск олардың қарым-қатынасын жақсарта алады деп санайды.

Келесі аптада Нетаньяху Вашингтонда Президент Байденмен кездесіп, Конгресс алдында сөз сөйлейді деп күтілуде. Нетаньяхудың көмекшісінің айтуынша, аталмыш сапар барысында Трамппен кездесу жоспарланбаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу