Газа секторындағы жауынгерлік әрекеттер кезінде Израиль "кішігірім тактикалық кідірістер" мүмкіндігін қарастыруға дайын. Бұл туралы сол елдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW жаңалықтарына сілтеме жасап.
Нетаньяхудың айтуынша, гуманитарлық көмек жеткізуді жеңілдету немесе ХАМАС содырлары ұстаған кепілге алынған адамдардың шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін кідірістер жасалуы мүмкін.
Сонымен қатар, Израиль атысты тоқтатудан бас тартады және Еуроодақта, АҚШ-та және басқа да бірқатар елдерде террористік деп танылған ХАМАС тобы басқаратын Газа секторына кепілге алынған барлық адамдар босатылмайынша, ешқандай жеңілдетуді қабылдамайтынын ескертті.
Нетаньяху бұл мәлімдемені америкалық ABC News телеарнасының соғыс аяқталғаннан кейін Газаны кім басқарады деген сұрағына жауап беру кезінде жасады.
"Менің ойымша, Израиль қауіпсіздік үшін жалпы жауапкершілікті өз мойнына алуы қажет. Өйткені, біз мұндай жауапкершілікті өз мойнымызға алмаған кезде не болатынын көрдік", - деді Нетаньяху.