Нетаньяху Израиль ұшқыштарының ереуіліне байланысты Лондонға бара алмады

610

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ұлыбританияға сапарын кейінге қалдыруға мәжбүр, өйткені оны Лондонға жеткізуге бірде-бір ұшқыш келіспеген. 

Нетаньяху Израиль ұшқыштарының ереуіліне байланысты Лондонға бара алмады Фото: img2.eadaily.com

Бұл туралы бейсенбіде британдық The Daily Telegraph газеті Ұлыбритания кабинетіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Израиль үкіметі Нетаньяхудың саясатымен келіспеушіліктер мен елдің сот жүйесін реформалаудан туындаған жаппай наразылық акцияларына байланысты ұшқыш таба алмады.

"Біздің түсінуімізше, израильдік ұшқыштар Нетаньяхуды Ұлыбританияға апарудан бас тартты", - деді аты аталмаған сұхбаттасушы басылымға.

Алайда кейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Ұлыбританияға ұшуы ішкі саяси консультациялардың ұзаққа созылуына байланысты жұма күні таңертеңге ауыстырылғаны хабарланды.

Бастапқыда Нетаньяху бейсенбі күні түстен кейін Лондонға сапар шегеді деп жоспарланған болатын, осы уақытта оппозиция Бен Гурион әуежайы аймағында премьердің ұшып кетуіне жол бермеу үшін наразылық акциясын ұйымдастырды. Оған қоса Нетаньяху кешке елдегі жаппай наразылық тудырған сот реформасына арналған отандастарына теледидарлық үндеу жасады.

Ол өз сөзінде қарсыластарының сын-ескертпелерін ескеретінін, бірақ бұл жоспарды жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті екенін айтып, халықты одан әрі дүрліктірді.

Жоғарғы Соттың өкілеттіктерін шектеуді және биліктің атқарушы тармағына судьяларды іріктеуді бақылауды қамтамасыз етуді көздейтін Жаңа үкімет ұсынған сот реформасы жобасы әу бастан халық наразылығын тудырып, әлі күнге дейін бейбіт шерулер, акциялар толқыны басылмады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу