Нетаньяху Израильдің әскери кабинетін таратты

218

Израиль Премьер-министрі өз мәлімдемесін кеше түнде саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі министрлер кабинетінің отырысында жасады, деп хабарлайды Израильдің Maariv және Ynet жаңалықтар сайттары.

Нетаньяху Израильдің әскери кабинетін таратты Фото: X/Benjamin Netanyahu

Беньямин Нетаньяху бір апта бұрын Министрлер Бени Ганц пен Гади Айзенкот отставкаға кеткеннен кейін Израиль әскери кабинетінің таратылатынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Катардың "Әл-Джазира" каналына сілтеме жасап.

Премьер-министр қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің, сондай-ақ Қаржы министрі Безалель Смотричтің оңшыл коалициялық серіктестерін осы "жақын шеңберге" қоспауды жөн көрді.

Алайда, премьер-министр негізгі шенеуніктермен, соның ішінде қазіргі таратылған әскери кабинетте қалғандармен "қауіпсіздік бойынша кеңес беруді" жалғастырады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу