Бұл туралы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху айтты. Тиісті мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың Тегеранмен ықтимал келіссөздер туралы сөзінен кейін жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Израиль үкіметі X желісінде Биньямин Нетаньяхудың бейнеүндеуін жариялады.
"Біз бір мезгілде Иранға да, Ливанға да соққы жасап жатырмыз. Иранның зымырандары мен ядролық бағдарламасын талқандап, Хезболла ұйымына айтарлықтай зиян келтірмекпіз", – деді ол.
Бұдан бөлек Нетаньяху Ақ үй басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін де жеткізді. Әңгіме барысында АҚШ президенті Израиль мен АҚШ әскерлерінің жетістіктерін екі елдің әскери мақсаттарына жету үшін пайдалануға үміт білдірген.
Бұған дейін Axious агенттінінің тілшісі Барак Равид дереккөзге сүйене отырып, X желісінде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен Нетаньяху Нетаньяху Иранмен ықтимал бейбіт келісім шарттарын талқылағанын хабарлаған.
"Дереккөз Вэнс пен Нетаньяхудың Иранмен соғысты тоқтату туралы ықтимал келісімнің негізгі тармақтарын талқылағанын айтты", – деп жазды журналист.
23 наурыз күні Трамп Вашингтон мен Тегеран өкілдері нәтижелі келіссөздер жүргізгенін хабарлады.
Айта кету керек, бұған дейін Иран соғысты тоқтатудың 3 шартын жариялағанын жазғанбыз.