Нетаньяху Ливандағы бітімгершілікке қатысты ұстанымын өзгертті

215

Бұған дейін Израиль Премьер-Министрінің баспасөз қызметі Премьер-Министр АҚШ пен Францияның Ливандағы атысты уақытша тоқтату туралы үндеуіне "тіпті жауап бермеді" деп хабарлады. 

Нетаньяху Ливандағы бітімгершілікке қатысты ұстанымын өзгертті Фото: eadaily

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ пен Францияның Ливандағы уақытша атысты тоқтату бастамасына қарсы ұстанымын жеңілдетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Премьер-Министр Кеңсесінің мәлімдемесіне сәйкес, ол 21 күн мерзімге бітімгершілікті көздейтін осы ұсыныстың мақсаттарын құптайды. 

Үкімет басшысының кеңсесінде Израиль тарапының келіссөздерді жалғастыруға дайын екендігі туралы хабарлады.

Беньямин Нетаньяху Нью-Йоркке БҰҰ БА-ның 79-шы сессиясында сөз сөйлеу үшін келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу