Нетаньяху өзінің қаза тапқаны туралы қауесетті жоққа шығарды

154

Желіде видео тарады. 

Нетаньяху өзінің қаза тапқаны туралы қауесетті жоққа шығарды Фото: Бейнежазбадан

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзіне қатысты тараған қауесеттерге жауап берді. Ол елдегі кофеханалардың бірінде төбе көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Биньямин Нетаньяхудың кофеге тапсырыс беріп тұрған сәті бейнеленген видео пайда болды. Бейнежазба премьердің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған.

"Мен кофені қатты жақсы көремін. Мен өз халқымды қатты жақсы көремін. Адамдардың әрекеті таңғалдырады", – деді Нетаньяху бейнежазбада.

Кейін ол кофехана қызметкерлерімен сөйлесті.

Соңғы аптада Израиль премьер-министрінің жағдайына қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер тараған болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары оның біраз уақыт көрінбей кеткеніне назар аударып, оның жарақат алғаны немесе қаза тапқаны туралы болжамдар айта бастаған. 13 наурыз күні Нетаньяху Иранға қарсы әскери қимылдар басталғалы бері алғаш рет баспасөз мәслихатын өткізді. Осыдан кейін әлеуметтік желіде бұл видеоның жасанды интеллект көмегімен жасалғаны туралы болжамдар айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу