"Араб-Израиль қақтығысы аяқталған кезде, менің ойымша, біз палестиналықтарға оралып, олармен шынайы бейбітшілікке қол жеткіземіз", — деді ол CNN-ге берген сұхбатында.
Сөзіне дәлел ретінде ол Израиль мен бірнеше араб елдері арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін 2020 жылғы Авраам келісімдерін мысалға келтірді.
"Мен оларды (палестиналықтарды) айналып өтіп, араб мемлекеттеріне тікелей барып, бейбітшіліктің жаңа тұжырымдамасын бекіттім. Мен төрт тарихи бейбітшілік келісімін, Авраам келісімін жасадым, бұл көрсеткіш маған дейінгі көшбасшылар 70 жыл ішінде жасаған бейбіт келісімдерден екі есе көп. Мен, әрине, олардың (палестиналықтардың) өзін-өзі басқаруға қажетті барлық өкілеттіктері болғанын қалаймын, бірақ бізге қауіп төндіретін бірде-бір өкілеттігі болмауын қадағалаймын", - деді премьер.
Дегенмен телеарна сарапшыларға сілтеме жасай отырып, "Авраам келісімдері Израильдің палестиналықтарға қатысты ұстанымын жеңілдету жолында айтарлықтай әсер берген жоқ" деп атап өтті. CNN Нетаньяхудың мәлімдемелері Израиль мен Палестина арасындағы шиеленістің тағы бір кезеңінде, бір-біріне қатысты зорлық-зомбылық кезінде айтылғанына ерекше назар аударады.