Бұл туралы The Jerusalem Post басылымы ШАБАК арнайы қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, қастандықта шешуші рөлді 73 жастағы израильдік кәсіпкер Моти Макман ойнауы керек еді. Қазір ол қамауға алынып, айып тағылды.
Макман ұзақ уақыт Түркияда тұрды. Онда ирандық және түрік серіктестерімен қаржылық байланыста болды. Кейінірек Иранға екі рет – мамыр мен тамызда жасырын түрде барды.
Екінші сапары кезінде Иран шенеуніктері оған Израильдің жоғары лауазымды басшыларына қастандық жасауды ұсынды.
Кәсіпкер Иран тарапынан миллион доллар аванс сұрады, бірақ оның талаптары қабылданбады. Сұралған соманың орнына оған қастандыққа дайындықты бастау үшін 5 мың еуро ұсынылды.
Сондай-ақ, Макманға барлау жинау, израильдік нысандарды бейнелеу және Иран тарапының талаптарын орындаудан бас тартқан израильдіктерге қорқыту тапсырылды.
Макман Еуропада тұратын ирандық оппозиционерлерді өлтіруді ұйымдастыру үшін Ресей мен АҚШ азаматтарын жалдауы керек еді.