Netflix қайта орысша сөйлей бастады

361

Орыс тілінде дыбыстаумен Videofilm International компаниясы айналысады.

Netflix қайта орысша сөйлей бастады Фото: Pixabay.com

Netflix стримингтік қызметі фильмдер мен сериалдарға арналған орыс тіліндегі дубляжды қайта шығара бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Share Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта ресейлік дубляжда "Вуди Вудпекер лагерьге барады", Дженнифер Лопес түскен "Атлас" фильмдерін және "Бриджертондардың" жаңа маусымымен көруге болады.

Орыс тілінде дыбыстаумен Израильде тіркелген Videofilm International компаниясы айналысады.

Дегенмен Ресейде қызмет әлі де қол жетімді емес.

Netflix Ресейде 2022 жылдың 30 мамырында өшірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу