New York Times басылымы оқырмандарын 2024 жылы Алматыға баруға шақырды

Басылым жариялаған рейтингте Алматы 25-ші орынға қойылды. 

New York Times басылымы оқырмандарын 2024 жылы Алматыға баруға шақырды Фото: inbusiness.kz

АҚШ-тың әйгілі The New York Times газеті жаңа жылда баруға тұрарлық әлемдегі 52 жердің дәстүрлі тізімін жариялады. Бұл тізімде Алматы қаласы да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты басылымға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, мақалада "Алматы – екі миллион халқы бар Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі" екендігі атап өтілген.

"Алматы бейбіт, бірақ белсенді қала ретінде әсер қалдырады. Алматының мәдени орталық ретіндегі мәртебесі оның гастрономиялық өмірінде айқын көрініс тапқан. Сонымен қатар, ұн, су және етке назар аударатын "Нео-номадтардың" тағамдары гипер-заманауи стильде ұсынылған", – деп жазады New York Times басылымы.

Айта кету керек, Алматы – бұл рейтингке енгізілген Қазақстанның жалғыз қаласы. Бұған дейін, біздің еліміз "ЭКСПО-2017" көрмесі қарсаңында осы тізімге енгізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу